Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең сұлу спортшыларының тізімі жасалды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандағы ең әдемі спортшы жігіттер мен қыздардың жаңа рейтингісі жарияланды.

Бұл туралы Redbull.com сайты деп хабарлайды деп жазады NUR.KZ. 

Отандық спортшылардың ішіндегі ең келбеттілерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Инчхондағы жазғы Азия ойындарында жүзу спортынан үш алтын алған Дмитрий Баландин әдемі спортшылардың көшін бастап тұр. 19 жастағы алматылық 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының чемпионы атанды.

Сочи Олимпиадасында Қазақстанға жалғыз қоланы сыйлаған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де сымбаттылар көшінде.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, бүгінде "Астана" сапында ойнайтын Қайрат Нұрдәулетов еліміздегі келбетті спортшылардың бірі. Ол көбіне әуедегі допқа таласатындығымен ерекше.

Үш дүркін әлем, екі дүркін Олимпиада чемпионы бұл тізімнен сырт қалмайды, әрине. Илья Ильин қарашада Алматыда өтетін әлем чемпионатында алтын алса, өз даңқын одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз.

Шпагашы Эльмир Әлімжанов Азия ойындарында құрама қоржынына бір жүлде салды. Ол - 2013 жылғы Азия чемпионы.

Ал сұлу спортшы қыздардың рейтингісі тамыз айында жасалған болатын.

Теннисші Галина Воскобоева 2007 жылы Австралияның ашық біріншілігінде ширек финалға жетті. Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы.

Көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы атанған Анна Алябьеваның сұлулығына сөз жоқ. Бүгінде ол спортпен қоштасып, тележүргізуші атанды.

Конькиші Екатерина Айдова да ең әдемі спортшы қыздардың қатарында. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Олимпиада ойындарында да ел намысын қорғады.

Жүзу спортындағы сұлуларымыздың бірі - Эльмира Айғалиева. Ол жабық ғимараттағы Азия чемпионатының жеңімпазы. Инчхондағы Азия ойындарында жүлдеге жақын жерден тоқтады. Сочи Олимпиадасында сноубордтан ел намысын қорғаған Валерия Цой. Спорттағы жетістігі зор болмаса да, жанкүйерлерін сұлулығымен баурап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/333612-kazakstannyn-en-sylu-sportshylarynyn-tizimi-zhasaldy-foto/

pixel