RU

Ақтөбеде 4 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

Ақтөбеде 4 жасар баланы көлік қағып кетті.

Бұл туралы Bnews.kz  хабарлайды.

"Газ-53" көлігін тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші жол бойына жүгіріп шыққан баланы байқамай қалған. Қатты соққыдан бүлдіршінді бірнеше метрге лақтырып жіберіпті.

Ауыр жарақат алған бала сол бойда қаза тапқан.

Қазір жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды. Егер кінәсі дәлелденетін болса, кем дегенде 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ал қаза тапқан 4 жасар бала Ақтөбеге Байғанин ауданынан қонаққа келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333643-aktobede-4-zhasar-balany-zhyk-koligi-kagyp-ketti.html