RU

2019-шы жылға таяу Ресей мен Қазақстандағы бензин бағасы бірдей болады

2019-шы жылға таяу Ресей мен Қазақстандағы бензин бағасы бірдей болады. Бүгін Атырауда "Көмірсутек саласындағы инновация" тақарыбындағы форумда жүрген Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин арнамызға осылай деді.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасының төмендігі ресейлік алыпсатарлардың пайдасына айналды. Қазақстандағы жанар-жағармайдың басым бөлігі қайтадан Ресей нарығында саудалануда.

Сондықтан, бағаны бір ізге салу, заңсыз алыпсатарлықтың жолын кеседі деп сенеміз, деді. Сондай-ақ, Ұзақбай Қарабалин жыл соңына дейін, қазіргі баға тұрақты сақталатынын айтты.

"Біз нарықтың экономикада өмір сұріп жатырмыз. Біздің елдер бір одақ құрып жатыр. Мұндай жерде екі жақта бағада айырмашылық болатын болса, осындай жағдай туа береді. Сол себептен болашақта мысалы, 19-жылға дейін екі жақтың бағасын бірдей қылуға тырысамыз", - дейді Ұзақбай Қарабалин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333664-2019-shy-zhylga-tayau-resej-men-kazakstandagy-benzin-bagasy-birdej-bolady.html