Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйымдастырушылар Экспо-2017 көрмесінің қандай пайдасы барын білмейді

Опубликовано:

Экспо-2017 көрмесінің қандай пайда әкелетінін әлі күнге ұйымдастырушылар да нақты білмейді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Халықаралық шараға дайындық барысын Парламентте баяндауға келген Талғат Ермегияев осындай сұраққа жауап бере алмай тосылды.

Ермегияевке депутаттардың емес, журналистердің сауалы көп болды. Тілшілер ең алдымен, осыдан 130 жыл бұрын Париждегі көрменің жетістіктерін тілге тиек етті.

Қысылғаннан әлемде жоқ жүйені ұсынып таң қалдырамыз деген шенді, нақты қандай нысанның көрме нышаны болатынын ашып айта алмады.

Тіпті Экспоға келетін мүгедек туристер үшін қолайлы жағдай жасауға жауапты емеспін деп басын алып қашты.

Бар білетіні - халықаралық шарадан 280 миллион еуро пайда түсіреміз деген жоспар екен. Бұл Экспоны өткізуге мемлекет бөлген қаржыны жабуға ғана жетеді. Ұйымдастырушылар осының өзі жетістік деп отыр.

Ал, әлемдік маңызы бар шара өтсе жалақысы қысқарып, сыйақыдан қағылып зәрезап болған қараша халық арасында осы жолы да айлық азаяды деген сыбыс тарап кеткен болатын.

Алайда, жауаптылар қаржыдан таршылық көріп отырған жоқпыз деп отыр.

"Мемлекеттік қызметкерлер қаржысын аламыз деп кім айтып жатқанын білмеймін. Бірақ әр салаға жеткілікті ақша бөлініп жатыр. Біреудің ақшасын алып, бізге аударыңдар дегеннің қатысы жоқ. Мемлекеттік органның айтқан адамын маған алып келіңізші. "Неге Экспоға кетіп жатыр?" деген меніңше дұрыс емес. Мұның бәрі қайтатын ақша",  - дейді  "Астана Экспо 2017" Ұлттық компаниясының" басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/333729-yjymdastyrushylar-ekspo-2017-kormesinin-kandaj-pajdasy-baryn-bilmejdi/

pixel