Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолиядан келген екі оралман азаматтығын қайта ауыстырғалы жатыр

Опубликовано:

Астанада екі оралман Қазақстан азаматтығынан шығып, қайтадан Моңғолияға көшуге қамданып жатыр. Өз еліне келуді армандаған қандастарымыздың мұндай шешім қабылдауына, құқықтарының қорғалмауы себеп екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Төрт жылдан бері тиісті зейнетақысын ала алмай зар илеген қос азамат, Қазақстандағы құзырлы органдарға сенбейміз деп отыр.

"Басқа мемлекет бізге беріп тұр. Шетел мемлекеті, ал елімізге келдік, далаға лақтырып тастады. Құқығымыз тапталды, лақтырып тастады бізді, бармаған жеріміз жоқ ешкім дұрыс жауап бермейді бізге", - дейді Серікбай Тұрпанов.

Бес жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген  екі азаматтың осы уақыт ішінде қақпаған есігі қалмапты. Моңғол жерінде жиырма бес жыл шекарада қызмет еткені үшін 45 жасында зейнетке шыққан екі оралман тиісті зейнетақысын өз елінде ала алмай жүр.

Шетелде ың-шыңсыз алып келген 25 мың теңгесін Қазақстандағы органдар төлеуден бас тартыпты. Еңбек министрлігі мұның себебін, Моңғолия ТМД аумағына кірмейді деп түсіндірген.

Серікбай Тұрпановтың айтуынша, өздерімен бірге Моңғол жеріндегі шекарада қызмет істеген, бірге көшіп келген өзге азаматтар зейнетақысын ешқандай қиындықсыз алып отыр екен.

Ал заң неге баршаға ортақ емес деген екі оралман, Бас прокуратурадан бастап, Қорғаныс, Әділет, Еңбек министрліктерін аралап, депутаттардан да көмек сұраған.

"Бармаған жеріміз жоқ. Ұлттық қауіпсіздікке барсақ, көші-қонға сілтейді. Олар біз білмейміз департаментке бар дейді, қайда барарымызды білмейміз",- дейді амалы таусылған Мереке Тиянақ. 

Ал  екі қандасымыз көмек сұрап барған депутат Бақытбек Смағұл бұл мәселені Моңғолияның елшілігі ғана шешеді деп отыр. Қазақстан азаматы болғанымен, зейнетақыны еңбегі сіңген Моңғол елі төлеу керек деген ұстанымда.

"Ол өзінің денсаулығын, өмірін, қызметін сол елге арнағаннан кейін, сол жерде алып отырды. ол ақша Қазақстандағы счетіне аударылуға тиісті", - дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Зейнетақыны Моңғолия төлеуі тиіс деген жауап екі оралманды жұбатып отырған жоқ. Өзге қандастарға зейнетақы аударып отырған қазақ жеріндегі құзырлы органдар, бүкіл оралманның құқығын теңдей қорғап отырған жоқ дейді.

Адал еңбегінің ақысын даулаған қос оралман енді Қазақстан азаматтығынан шығып, атамекеннен Моңғолияға қайтадан көшуге қамданып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/333731-mongoliyadan-kelgen-eki-oralman-azamattygyn-kajta-auystyrgaly-zhatyr/

pixel