RU

Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған 2 адам көлік жүргізу куәлігін иеленген

Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған 2 адам көлік жүргізу куәлігін иеленген.

 Бұл дерек кезекті прокурорлық тексеріс барысында анықталды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Есірткі қолданған тағы бір тұрғын жол сақшыларының құрығына ілігіп, көлік жүргізу құжаттарынан айрылғанымен, қиналмастан тегін өзгертіп, басқа куәлікке ие болыпты.

Осындай олқылықтарды жіпке тізген прокурорлар жол полицейлерін куәлік таратуға атүсті қарайтындығы үшін айыптады. Бірақ, заң тармақтарында наркологиялық есепте тұрған азаматқа жүргізуші куәлігі берілмеуі тиіс деген тиым жоқ, - дейді қадағалаушы орган өкілдері.

Осы ағаттықты жою мақсатында ақтөбелік прокурорлар бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне тиісті ұсыныс енгізбек.

"Бұл факті бойынша біз процессуалдық шешім қабылдау үшін осы Радченкоға байланысты материалдарды ішкі істер органдарына жолдаған болатынбыз. Қазіргі таңда бұл материалдар бойынша тексеру жүргізілу барысында", - дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасы 1-басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333786-aktobede-narkologiyalyk-esepte-tyrgan-2-adam-kolik-zhyrgizu-kueligin-ielengen.html