Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашылды

Опубликовано:

Алматыда алғаш рет тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашылды. Алатау ауданына қарасты Саялы шағын ауданындағы мекеме жұмыстан кеш шығатын ата-аналар үшін ыңғайлы.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

320 балаға арналған балабақшамен қала әкімі Ахметжан Есімовте танысты. Бөбекжайға сәбилерді қабылдау келесі айдан бастап жүргізіледі.

3 жасқа дейінгі бөбектер үшін "Балапан" бағдарламасы жұмыс істейді.

"Түнгі кезекте жұмыс істейтін ата-аналар мен бизнес ледилерге ыңғайлы. Өйткені олар жұмыста болғанда балалары алаңсыз осында тәрбиеленеді. Біз оларға осылай мүмкіндік жасадық. Жұмыс күні 5 күн, балалар таңғы сегізден балалар қабылданады", - деді №78 балабақшаның меңгерушiсi Светлана Исаева.

Тәулік бойы жұмыс істейтін бөбекжай жүздеген алматылықтардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік бермек.

Ал биылғы жылдың соңына дейін Алматыда муниципалды 18 балабақшаның құрылысы аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/333812-almatyda-teulik-bojy-zhymys-istejtin-balabaksha-ashyldy/

pixel