RU

Қарттар үшін өмір сүруге ең қолайлы ел анықталды

HelpAge Internationa үкіметтік емес ұйымы қарттардың өмір сүруіне ең қолайлы елдердің тізімін жариялады. Тізімдегі көшті Норвегия бастап тұр.

Рейтингті түзерде ұйым сарапшылары жасы 60-тан асқан қарияларға жасалатын әлеуметтік және материалдық жағдайларды есепке алған.

96 елден тұратын тізімнің ең соңғы орнында Ауғанстан тұр. Мамандардың пікірінше, мұнда қарттар үшін өмір сүру өте қиын.

Рейтингтің алғашқы бестігіне Норвегиядан өзге Швеция, Швейцария, Канада және Германия елдері еніп отыр.

HelpAge International ұйымының мәліметінше, 2050 жылға қарай әлем халқының 21 пайызын жасы 60-тан асқан қариялар құрамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333819-karttar-yshin-omir-syruge-en-kolajly-el-anyktaldy.html