RU

"Нұрлы көшпен"елге оралғандардың әлеуметтік жағдайы төмен

Еліміздің шығысына "Нұрлы көш" бағдарламасымен келген екі жүзге жуық қандас ағайын әлеуметтік жағдайларының төмендігіне наразы.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шенділердің уәдесін сеніп Курчатов қаласына қоныс аударған оралмандар қазір жұмыссыз жүр.Тіпті, үйлерінде не жарық пен жылу да жоқ.

Осыдан бес-алты жыл бұрын еліміздің шығысына Қытайдан қоныс аударған Амантай Уәзірхан "Нұрлы көш" бағдарламасымен келген қандастарымыздың бірі. Үй беріп, жұмыспен қамтамасыз етеміз деген аста-төк уәдеге сеніп, Курчатов қаласына өзге жүз елуге жуық отбасымен бірге көшіп келеді. Бірақ барлығы көпшілік күткендей болмаған.

Қырық жыл бұрынғы тозығы жеткен көп қабатты үйлерге орналастырған оралмандар, ақыры ай сайын пәтер үшін 15 -20 мың теңгеден төлеуге мәжбүр болған. Жұмыс болады деген уәде де толықтай орындалмаған.

Отаным деп келген қандастырымыздың тек 20 пайызы ғана екі қолдарына күрек ұстаған. Ал қала басшысы тұрғындармен кездесу өткізіп, жағдайды реттеуге тырысатынын айтады.

Бұл үйлердегі басты қиындық жылу мен жарыққа қомақты қарыздан туындап отырған көрінеді. Нұрлы көш бағдарламасымен Өскеменнің маңына бүтіндей бір ауыл болып қоныстанған қандастарымыз да белшеден батқан қарыздан жарықсыз қалып, ереуілдеткен күн де күні кеше еді.

Тас жолды жауып, тәртіп сақшысын аяқтан тұрғызған сол кездегі оралмандар нарызылығы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың түнделетіп келіп, жиын өткізуімен тыныш аяқталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333917-nyrly-koshpenelge-oralgandardyn-eleumettik-zhagdajy-tomen.html