RU

Созақ тұрғыны дәмханада қызды балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды

Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында дәмханада балағат сөз айтқан азамат 5 тәулікке қамалды.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы "Даңқ" саябағында орналасқан "Үміт" дәмханасында қызды балағаттап, төңірегіндегілерді сыйламай, ұсақ бұзақылық жасаған азамат анықталды.

Айыпталушының үстінен әкімшілік іс қозғалып, ісі сотқа жетті. Сонымен Созақ аудандық сотының үкімімен азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  330 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Ер адам кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындау туралы сот қаулысы шықты", - дейді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/333949-sozak-tyrgyny-demhanada-kyzdy-balagattagany-yshin-5-teulikke-kamaldy.html