RU

Химия саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия саласындағы Нобель сыйлығы биыл флуоресцентті микроскоптардың ұлғайту қасиетін жақсартқан үш ғалымға табыс етілді, деп жазады ВВС.

АҚШ-тан Эрик Бетциг, Германиядан Штефан Хелль мен тағы бір АҚШ-тық ғалым Уильям Морнер флуоресцентті микроскопия саласындағы ғылыми жетістіктері үшін 8 млн швед кронына (1 млн доллар шамасында) ие болды.

1901 жылдан бері химия саласындағы Нобель сыйлығымен 105 ғалым марапатталған. Стокгольмде өткен Нобель сыйлығының баспасөз конференциясында Лундс университетінің химигі, профессор Свен Лидин лауреаттардың ғылыми жаңалықтары молекулярлық процестерді шынайы уақытта зерттеуге мүмкіндік беретінін мәлім етті.

Ғалымдар флуоресцентті жарық шығаратын молекулаларды пайдаланып, микроскоптың ұлғайту қасиетін бірнеше есеге жақсартқан. Соның арқасында жеке молекулалардың бейнесі мен олардың тірі денеде әрекеттесуін көруге мүмкіндік туды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/334921-himiya-salasyndagy-nobel-syjlygynyn-iegerleri-anyktaldy.html