RU

Қазақстанда басты рөлде мүгедек бала ойнаған фильм түсірілді

Қазақстандық режиссерлер Әзиз Зайыров пен Мұхаммед Мамырбеков "Болу, әлде бордай тозу" фильмін көрерменге ұсынды.

Фильмде анасынан айырылған мүгедек баланың тағдыры суреттелген деп хабарлайды Қазақпарат.

Басты рөлді сомдаған 21 жастағы Тахир Омаров туғалы бері қоларбаға таңылған. Ол "АРДИ" мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының орталығында тәрбиеленіп келеді.

Киноның сюжеті Тимурдың шынайы өмірінің желісінде өрбиді. Драмада сал ауруымен ауыратын мүгедек жігіттің өмір үшін күресін көруге болады.

"Тахир мүмкіндігі шектеулі болса да, "актер болсам" деп армандаған. Біз оның арманын орындауға тырыстық. Ол - талантты. Тахир Шекспирдің Гамлетін оқыған кезде, неге осы баланың тағдыры туралы фильм түсірмеске деген ой келді. Сосын, сценарий жаза келе фильмге осы орталықта оқып жатқан балалардың барлығын түсіруді жөн деп шештік. Туынды әлеуметтік мәселелерді қозғайды", - деді режиссер.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/335091-kazakstanda-basty-rolde-mygedek-bala-ojnagan-film-tysirildi.html