RU

Михаил Горбачев ауруханаға түсіп қалды

КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті Михаил Горбачевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті.

Михаил Горбачев

Бұл туралы ол өзі ресейлік агенттіктерге хабарлаған деп жазады Қазақпарат.

Оның айтуынша, ауруханаға түсер алдында денсаулығы күрт нашарлап кеткен. "Соңғы бір аптада біресе жақсарып, біресе нашарлап құбылып тұрды. Қазір ауруханадамын. Мониторингте жатырмын", - дейді Горбачев.

Сондай-ақ, ол денсаулығына байланысты Нобель апталығын толық бақылай алмайтындығына қынжылыс білдірді. Айта кетейік, Михаил  Горбачев 1990 жылы Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/335153-mihail-gorbachev-auruhanaga-tysip-kaldy.html