Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам жегіш Николай Жұмағалиев бостандыққа шығуды армандайды

Опубликовано:

Жуырда ғаламторда кісі етіне "жерік" Николай Жұмағалиев психиатриалық емханадан бостандыққа жіберілетіні турасында үрейлі хабар шарлап кеткен болатын. Осы хабарға байланысты елден маза қашты.

Бұл туралы  bnews.kz хабарлайды. 

Каннибал емделіп жатқан Алматы облысына қарасты Ақтас елді-мекеніндегі республикалық психиатриалық емхананың бас дәрігері Адихан Айдос бұл ақпаратты растамады.

Николай Жұмағалиев психиатриалық емханада бір емес, бірнеше рет жатып емделсе де, бостандыққа шығысымен баяғы "әуеніне" басатын еді.

Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында каннибалдың 24 жылдан кейін белгілі болған тағы бір қылмысы турасындағы хабар да отқа май құя түскендей болды.

Сонымен бас дәрігер не дейді? Оның айтуынша, Николай Жұмағалиев томаға тұйық өмір сүріп жатыр. Адам жегіш күніне төрт рет тамақтанады. Денсаулығы да жақсы. Ол жеміс-жидек пен көкөністі жақсы көреді. Бос уақытында магнитофон жөндеумен шұғылданады. Сондай-ақ, оның сағатты да жөндей алатынын тілге тиек етті.

Оның бар арманы – бостандыққа шығу. Десе де, оны бостандыққа шығару қоғамға қауіп төндіреді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/335387-adam-zhegish-nikolaj-zhymagaliev-bostandykka-shygudy-armandajdy/

pixel