Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дін өкілдері бойжеткендер үшін ерте тұрмыс құрудың зиянды тұстарын айтты

Опубликовано:

Қазақ қыздары физиология жағынан ерте некеге дайын емес. Дін мамандары мен қоғамдық бірлестіктер қыз баланың ерте жастан тұрмыс құруына қарсы.

Бұл туралы 365info.kz cайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Әйелдері лигасының мәліметтері бойынша, елімізде жыл сайын 3000 ерте неке қиылады екен. Бұл тек ресми дерек. 15 жасқа толмаған қыз балалардың 50-60 пайызы зорлыққа ұшырайды.

Жас қалыңдық іздегендердің нысанасына 13 жастан асқан ересек қыз балалар ілігеді.

"Аманқұл ата" мешітінің бас имамы Төлепберген Жақиевтің сөзі бойынша, ерте неке тек жастардың және олардың ата-аналарының ықтиярымен қиылады, сонда ғана ол Құранға қайшы келмейді. Сонымен қатар, оның нанымы бойынша бүгінде мұндай некелердің қажеті жоқ.

"Біздің әйелдер физиология жағынан ерте некеге дайын емес! Оны  әлеуметтік және климаттық факторлар көрсетіп отыр. Иә, тарихта қазақтар қыздарын балғын шағында ұзатқан кезеңдер болған. Қазақтар өздерін осындай ерте некелердің арқасында ұлт ретінде сақтап қалды десе де болады. Ол кезде жоңғар, қытай, моңғол, қалмақ шапқыншылықтары болды. Балалар аштан қырылды, кейбіреуін құлдыққа алып кетті, ерлер соғыста қаза тапты. Ол кезде ерте неке өмір қажеттілігі болды, қазір ондай қажеттілік жоқ, түсінесіз бе?!", - дейді.

Бұл пікірмен орыс православ шіркеуінің қызметшісі, Метрополиялық округ діни комиссияның хатшысы Серафим Кенисарин де толық келіседі.

"Балғын шағындағы қыз балалар некеге отыруға физиология жағынынан да, психология тұрғысынан да дайын емес. Олардың бойында әлі әйелдік, аналық, жұбайлық қасиеттер қалыптаспаған. Олар әлі осы кезеңдерден өту керек", - дейді Серафим Кенисарин.

"Қазақстан әйелдер лигасы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсия Хайруллинаның айтуынша, ерте некеге мәжбүрлеу құлдықтың заманауи түрі екен.

"Шынын айтқанда, жаңа түскен келін өмірінің соңына дейін күйеуіне және оның отбасына тәуелді болып қалады. Келінге білім алуға, мамандық игеруге, лайықты жұмысқа орналасуға шектеу қойылады. Зардап шегуші әйелдер мәжбүрлі тұрмыс құруды зорлаудан көз ашпаған сорлы ғұмыр ретінде бағалайды. Сондықтан, алып қашу, күшпен үйлену секілді жайттардың алдын алу керек ", - дейді Әсия Хайруллина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/335521-din-okilderi-bojzhetkender-yshin-erte-tyrmys-kyrudyn-ziyandy-tystaryn-ajtty/

pixel