RU

ШҚО-да түрмеден қашпақ болған қытайлық азамат ұсталды

14 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан сотталушының қашып кетпек болған әрекетінің жолы кесілді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады "Қазақпарат".

Оқиға түнгі 02. 00-де болған. Шығыс Қазақстан облысындағы  түзеу мекемелерінің бірінде 1,5 жыл мерзімге сотталған Қытай азаматы айлалы тәсілмен қашып кетуге әрекеттенді.

Алайда ауысымдағы мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Б. Сәденов пен 6699 ә/б 2-ші атқыштар батальонының қатардағы сарбазы Е. Айтуғановтың қырағылығы арқасында оның айласы жүзеге асқан жоқ.

Сотталушы тыйым салынған аумақта негізгі қоршаудан өтпекші болған кезінде ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/335669-shko-da-tyrmeden-kashpak-bolgan-kytajlyk-azamat-ystaldy.html