RU

Алматыда электромобильді көліктер шығарыла бастайды

 Алматы ел бойынша электромобиль көліктерін шығару өндірісін қолға алуда. Жаңа зауыт Алатау ауданындағы индустриалды аймақта бой көтереді. Зарядталған бір аккумулятордың көмегімен 150 шақырымды оңай еңсеруге болады.

Алайда, электр қуатының ғана көмегімен жүретін экологиялық таза көліктің кемшілігі де бар деп хабарлайды Алматы арнасы.

Бұл көліктің темір тұлпарлардан айырмашылығы түсі мен маркасында емес. Бар болғаны толықтай электр қуатымен қозғалатындығында.

Іші-сырты Қытайда әрленген көлікті құрастырушылар Экспо -2017 көрмесіне шығаруды көздеген. Алайда аспан асты елі ұрымтал тұсты ұтымды пайлана білген. Жанармай бағасы жағадан алып, барлық бекеттерде көлік нөпірі сейілмей тұрған сәтте, елімізді осылайша жарылқауды жөн санапты.Тек экологиялық таза көліктің бағасын әркімнің-ақ қалтасы көтере бермейді.

"Электр қуатымен жүреді. Май ауыстырмайсыз. Экологиялық таза. Электр қуатын стандартты тоқтан 220 вольттен алады. Қазір бағасы 86 мың доллар", - деді ресми диллер өкілі Әзиз Ізімов.

86 мың АҚШ доллары тұратын бұл көліктің орнына отандық машина жасаушылар өз баламасын ұсынып үлгеріпті. Бағасы да 5 есе арзан. Жаңа зауыт Алатау ауданындағы индустриалды аймақта келесі жылы бой көтереді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/335715-almatyda-elektromobildi-kolikter-shygaryla-bastajdy.html