RU

Қоғамдық орында шемішке шаққан тұрғын айыппұл төледі

Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық орында шекілдеуік шағып, қалдығын тастағаны үшін тағы бір тұрғын айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды bnews.kz.

Автобус аялдамасында шекілдеуіктің қабығын жерге шашқаны, яғни қоғамдық орынды ластағаны үшін Төлеби ауданының тұрғыны сотты болды.

Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Іс Төлеби аудандық сотында қаралып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе айыпталушыға 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 5556 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Сайрам ауданының тұрғыны шекілдеуік шағып, қалдығын тастағаны үшін айыппұл төлеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/335927-kogamdyk-orynda-shemishke-shakkan-tyrgyn-ajyppyl-toledi.html