Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мен Шымкентте көмір қымбаттады

Опубликовано:

Көмірдің отаны Қарағандыда көмір қымбаттады. Жеке үйлердің тұрғындары енді қатты отынның тоннасына 8 жарым мың теңге төлейді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай қымбат.

Аймақтағы алпауыт кәсіпорын "Арселор Миттал Теміртаудың" өкілдері қара алтынның әлемдік нарықтағы құны едәуір төмендегенін мәлімдегені күні кеше ғана еді. Соған қарағанда, қарағандылық саудагерлердің нарықтық өз заңы бар секілді.Қарағанды халқы ел қатарлы қысқы маусымға қызу әзірленіп жатыр  Скудяковтар отбасы биыл  5 тонна көмір сатып алған. "Көктемге дейін жетуі тиіс",- деп отыр. Көршілер де қарап қалмай көмірханасын толтырып алудың қамымен жүр. Қалталары қағылса да, зейнеткерлердің мұнан өзге амалы жоқ. Қыс болса, келіп қалды.Ал "Арселор Миттал Теміртау" басшылығы қатты отынның әлемдік нарықтағы құны айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді.

Алайда алпауыт кәсіпорын тұрғындарға көмірді тікелей сатпайды. Онымен ұсақ компаниялар айналысады. Тап осы делдал компания өкілдерінің қымбатшылыққа қатысты өзіндік уәжі бар.

Алыпсатарлар "көмірді тасымалдау мен сақтауға қыруар шығын кетеді. Бағаның көтерілу себебі де осыған байланысты" дейді. Дегенмен, Қарағандыдағы жеке сектор тұрғындары бұған сеніңкіремейді. Олар баға негізсіз көтерілді деп есептейді. Сондықтан жан-жақты тексеру жүргізілгенін қалайды. Ол үшін тұтынушылар құқығын қорғау ұйымына хат дайындап жатыр.Шымкентте де қатты отынның бағасы қымбаттады. Жылыту маусымы басталмай жатып көмірдің нарқы 10-15 пайызға өскен. Мәселен, өңірде Шұбаркөл көмірінің тоннасы дәл қазір 10 мың теңгеден сатылып жатыр. Өткен жылы қала тұрғындары отынның бұл түрін 8-8,5 мың теңгеде саудалаған. Ал көктемде жеткізушілер көмірді 9 мың теңгеден сатқан. Олардың айтуынша, бағаның өсуіне темір жол тасымалының қымбаттауы себеп болған.Қазір аймақта көмірдің Шұбаркөл, Қарағанды, Богатырь және Жалын деген түрлері бар. Сапасына қарай бағасы. Көмір сататындар 8 мың 700 теңгеге сатып алуға болатын көмір де бар, алайда оның сапасы төмен екенін айтты. Ал барынша сұрыпталған, ірілерін тоннасына 11 мың теңгеден алуға болады екен.

Себебі тазартудан өткеннен кейін қатты отын бағасы қымбаттай түседі. Отын іздеушілер бағаның көтерілгенін естіп тосылғанмен, көндікпеске шаралары жоғын айтады.

Осы жылға бұл база елу мың тонна отын әкеліпті. Оның 15 мың тоннасы  бюджеттік мекемелерге таратылса, тұрғындардың алпыс пайызы қыстың қамын жасап үлгерді дейді мұндағылар."Бағасы өткен жылғыдан 10-15 процентке жоғары. Енді ол транспортировкаға байланысты. Қазір мынау ГСМ бәрі қымбаттап кеткен. Сол себептен кішкене көтеріліп тұр. Енді біз үстіне кішкене ғана ғой 500 теңгедей ме, сондай-ақ қосылады. Ал сол жақтың бағасымен келген накладной келеді. 8 мыңнан 10 мыңның арасында көміріміз", - дейді көмір базасының басшысы Ғани Мырзабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/336196-karagandy-men-shymkentte-komir-kymbattady/

pixel