RU

Ақтауда миграциялық полиция қызметкерінің денесі табылды

Ақтауда 1993 жылы туылған Маңғыстау облыстық миграциялық полиция қызметкері асылып, қайтыс болды.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 15 қазан күні 29 ықшам аудандағы 17 үйде орын алған.

Бұл күндері Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті оқиғаның мән-жайын тексеруде.

Полицейлер марқұмның өзіне қол жұмсауына несиеден жиналып қалған қарызы болуы мүмкін екендігін айтады. Алайда, бұл болжам ғана.

Қайтыс болған полицейдің артында отбасы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/336439-aktauda-migracziyalyk-policziya-kyzmetkerinin-denesi-tabyldy.html