RU

Головкиннің "патриоттық" тіс қорғаныс қабы ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

Геннадий Головкин мексикалық Марко Анотонио Рубиоға қарсы кездесуінде бірегей боксерлік тіске арналған қорғаныс қабын киіп шығуы Қазнетте белсенді талқылануда.

Көптеген қазақстандықтар Геннадий мен оның командасының мұндай әрекетін жоғары бағалау үстінде. Тіске арналған қорғаныс қабының тысқы бетінде көк-сары түске боялған GGG жазуы бар.

Боксерлік атрибуттың жиектеріне Қазақстанның мемлекеттік туы бедерленген.

Айта кетейік, АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) және ІВО нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесіп, қарсыласын 2-ші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/336517-golovkinnin-patriottyk-tis-korganys-kaby-galamtor-zhyldyzyna-ajnaldy-foto.html