RU

Атақты комментатор Головкинді Тайсонмен салыстырды

НВО телеарнасының атақты комментаторы Джим Лэмпли Қазақстан боксшысы Геннадий Головкинді даңқты боксшы Майк тайсонмен деңгейлес екендігін атады.

"Оның шаршы алаңда ұрыс мәнері Майк Тайсонның дүрілдеп тұрған жылдарындағы қимылындай", - деді ол тікелей эфирде Головкин-Рубио жекке-жегін жүргізу барысында.

Есте болса, Геннадий Головкинді бокс тарихындағы ең даңқты спортшылардың бірі ретінде бұған дейін де спорт сарапшылары атап өткен болатын.

Головкин-Рубионың шаршы алаңдағы кездесуін бірнеше спорттық арна бүкіл дүние жүзіне таратты. Оны әлемнің 120 елінің көрермені тамашалады.

Айта кетейік, Рубиомен кездесуінен кейін Геннадий алдағы уақытта кез келген спортшымен шаршы алаңда жұдырықтасуға дайын екендігін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/336522-atakty-kommentator-golovkindi-tajsonmen-salystyrdy.html