Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ қоғамның қыспағынан соң көлікті көшеге қою-қоймау мәселесін әзірге кейінге қалдырды

Опубликовано:

Елімізде үлкен дау тудырған "Жол қозғалысы туралы" жаңа заң күшіне енді. Ал Ішкі Істер министрлігі қоғамның қыспағынан соң көлікті көшеге қою-қоймау мәселесін әзірше, сол күйінде қалдыруға мәжбүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Дегенмен жүргізушілерді қуантқан тағы бір жаңалық бар. Ол VIP- нөмірлердің сатылымға шығуы.

Кешегі күнді жүргізушілер "қара дүйсенбі" деп атап кетті. Өйткені таңсәріден бастап "Жол қозғалысы" туралы заң күшіне енді. Бұл дегеніңіз тағы ондаған шектеулер мен тиымдар. Соның бірі аэрография. Енді жан-жануар мен жалаңаштанған қыздарды көліктің сырты мен әйнегіне жапсыруға болмайды. Әйтпесе, қалтаңыздан қағыласыз.

Қатайтылған жаңа заң бойынша, жүргізушілер өзін тоқтатқан  полицияның рұқсатынсыз машинасынан түспеуі тиіс. Яғни, бұл жол сақшыларының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. "Алатаяқтылар" айтпайынша, көліктен түссеңіз де, түспеңіз де, бәрібір айыппұл төлейсіз. Оның көлемі 9260 теңге.

Бірақ сақшыларға еш себепсіз ереже бұзбаған темір тұлпарды тоқтатуға рұқсат жоқ. Бұдан-былай түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін жолаушы тасымалдайтын жеке жүргізушілерге тиым салынбақ. Тек кісі тасумен ресми тіркелген компаниялар айналыса алады. Жүгенсіз жүргізушілерге ауқымды күрес жариялаған Ішкі Істер министрлігі сәуірде ереже бұзушыларға салынатын айыппұл көлемін рекордттық көрсеткішке дейін еселеп көтергені белгілі.

Соған сай жылдамдықты асырғаны үшін 55.560 теңге! Жүргіншілер жолағы, жол жиегі, тротуармен жүргені үшін 27.780! Қарсы бағытқа шыққаны үшін 1 жылға куәлігінен айрылады.

Жолда тоқтатқан полицияның бұйрығына бағынбағаны үшін де осындай жаза. Ал рөлге арақ ішіп отырып  жол апатын жасағандар бірден 5 жылға куәлігінен айрылады.Ал көңілдері түскен жүргізушілердің бүгін бір жәйтқа аса қуанды. Енді еліміздің барлық облысында талайға арман VIP-нөмірлерді Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп сатып алуға болады. Сатылымның алғашқы күні қымбат көлікті тақымдаған азамат әдемі нөмірдің иесі атанды.

Елден ерекше нөмірлер екі санатқа бөлінеді. Мысалы, "100" деген нөмер 254 мың теңге тұрса, ал әсіресе қазақтың ер-азаматтары ерекше құмар "777" нөмерінің құны 400 мың теңге. Астанада 1,5 миллион теңгеге 6 нөмір сатылған."Ешқандай тамыр таныссыз. Бір-бірін ешкім танымайды.Ақшасын төлейді де алады. Барлығы ашық", - деп сендіруде  ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бауыржан Наханов.

Осылайша, Ішкі Істер министрлігі көлік нөмірін сату әділ жүргізіледі деп сендіріп отыр.

Ал министрлік талапты күшейту жолдағы бейберкетсіздікті тәртіпке келтіреріне сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/336700-iim-kogamnyn-kyspagynan-son-kolikti-koshege-koyu-kojmau-meselesin-ezirge-kejinge-kaldyrdy/

pixel