Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық шоу-бизнестегі ағайынды жұлдыздардың тізімі жасалынды (фото)

Опубликовано:

Отандық  шоу-бизнесте ағайынды жұлдыздар жиі кездеседі. Олардың бірі аса танымал, ал екіншісі соншалықты атақты болмауы мүмкін.

Бұл туралы Comode.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Назарларыңызға Қазақстандағы ағайынды шоу-бизнес өкілдерін ұсынамыз.

Алтынай және Талғат Жорабаевтар

Танымал әнші Алтынай Жорабаевның інісі Талғат ән айтып қана қоймай, актерлік қабілетімен танылды. Талғат "Ханталапай" фильміне түскен болатын.

Сәкен және Роман МайғазиевтерСәкен әйгілі "Музарт" ансамблінде ән шырқаса, інісі Роман "До-Мажор" тобының мүшесі.

Баян Есентаева және Бағым МұхитденоваБаян Есентаева – продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, "Ғашықтар әлемі" журналының иесі әрі редакторы. Ал Баянның туған сіңлісі Бағым – танымал музыкалық продюсер.

Фарида және Болат Жолдасовтар

Ұлықпан Жолдасовтың қызы, әнші Фарида Жолдасова және ұлы, "Бастау" тобының мүшесі Болат Жолдасов.Асылхан және Артур ТөлеповтерАғайынды Төлеповтер қазақ киносының жаңа жұлдыздары.Ділназ және Ділшат АхмадиевтерТанымал ағайынды әншілер: Ділназ Ахмадиева және "Яшлык" тобының мүшесі Ділшат Ахмадиев.Lila тобы"Lila" тобының мүшелері Іңкәр Ерлан мен Найля Зайытова әпкелі-сіңлілі. Олардың дуэті "Bionic" деп аталған кезде, қыздардың немере ағасы Әділ Лиян әншілерге продюсер болған.

Парвиз және Ситора НазаровтарШығыс стиліндегі әндерімен танымал Павриз және Ситора Назаровтар.

Қайрат Нұртас және Ақерке ТәжібаеваҚобызшы әрі тележүргізуші Ақеркенің Қайратқа немере әпке болып келетінін көп ешкім біле бермейтін шығар.

Батыр және Асқар Байназаровтар "Ринго" тобының мүшесі Батыр Байназаровтың інісі Асқар жақында "Juniors" тобына қабылданды.

Бейбiт және  Бағдат ҚорғанӘнші Бейбіт Қорғанның інісі Бағдат "Сұңқар" тобында ән айтады.

Асқар және Заңғар Жүнісбековтер"Толғанай" деп әндеткен Асқардың інісі Заңғар да талантты әнші.

Айдана және Ермек Меденовтер

"KешYou" тобының мүшесі Айдана Меденова мен әнші, композитор, "SuperStar KZ" байқауының финалисті, саксофоншы Ермек Меденов.

Дастан және Рүстем Оразбековтер

Әнші әрі актер Дастан Оразбеков "Орда" тобында ән салатынын жақсы білесіздер, ал оның ағасы Рүстем Оразбеков те алғашында осы топта ән шырқаған еді. Бүгінде ол топтың үйлестірушісі қызметін атқарып жүр. Есболат, Ерболат және Жанболат Беделхан

Ағайынды Беделхандар "Орда" тобында ән айтып қана қоймай, режиссерлік таланттарын да шыңдау үстінде.

Алмас, Байғали, Ирина және Жәмила Серкебаевтар

Бұлар әйгілі Ермек Серкебаевтың балалары: композитор Алмас Серкебаев, "А-Студио" тобының мүшесі Байғали Серкебаев және журналист-жазушы Ирина Серкебаева. Ал Жәмилә  Серкебаева олардың немере қарындасы болып келеді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/337126-otandyk-shou-biznestegi-agajyndy-zhyldyzdardyn-tizimi-zhasalyndy-foto/

pixel