Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бүркіт жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр (фото)

Опубликовано:

"Сұңқар" қорығының  ұжымы осы жылы үш бүркітті  бостандыққа жібермек. Қызыл кітапқа енген қыран құстарды көбейтуге атсалысып жүрген азаматтар бүркіттердің көбеюіне қолдан жасалатын кедергінің көптігін айтады. 

Олардың сөзінше қыран құсты аулайтындарға қарсы жұмыс күшінде емес .Бүркіт баптаумен айналысатын орталықтың жұмысын NUR.KZ тілшісі көріп қайтқан еді.

Аты аталған орталық былтыр жеті бүркітті жетілдіріп бостандыққа жіберген. Мақсаттары Қазақстандағы қыран құстың санын көбейту.

Алайда, өткен жылы ұшырылған құстар ізім-қайым жоғалған. Себебі, оларға толқындар арқылы бақылайтын қондырғы қойылмапты.

Биыл жіберілетін үш құсқа да жай белгі сақинасы салыныпты. Орталық мамандары арнайы чип қондырғысының бағасы отыз мың АҚШ доллары тұратындықтан, қаржылай мүмкіндіктерінің болмағанын айтады.

Қазір бұл орталықта он бес бүркіт бар. Олардың барлығы да қолдан тамақтандырылады. Әрдайым зоодәрігердің бақылауында. Өзін қорғап, азығын ұстап жейтін жағдайға жеткенде бостандыққа жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/337139-kazakstanda-byrkit-zhojylyp-ketudin-az-ak-aldynda-tyr-foto/

pixel