Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұсылмандарға арналған мобильді телефон шығарылады

Опубликовано:

Үстіміздегі жылдың қараша айында көршілес Ресей мемлекеті мұсылмандарға арналған BQ Istanbul мобильді телефонын шығаруды жоспарлап отыр.

Аталмыш қалта телефонының жадысына араб және орыс тіліндегі Құран аяттары орнатылған. Сондай-ақ, төрт тілдегі тәржімасы да бар, деп хабарлайды muslim.kz.

Бұдан бөлек, қалта телефонына "Намаз уақыты" қосымшасы да орнатылған. Мұсылмандарға арналған мобильді телефон елдегі тұтынушының қай қаланы таңдағанына сәйкес намаз уақытын көрсетіп, азан шақырып тұрады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/337509-mysylmandarga-arnalgan-mobildi-telefon-shygarylady/

pixel