RU

Шатырдан құлаған мұз сәбиді басып қалды (видео)

Күні кеше Ресейдің Киров қаласында қайғылы оқиға орын алды.

Қала көшесіндегі үйлердің бірінің іргесіндегі жолмен сәбиін бала арбасына салып алып келе жатқан ата-ананың көз алдында шатырдан үлкен мұз кесегі құлап, нәрестені басып қалды, деп жазады Росбалт.

Бала ауыр жағдайда реанимация бөліміне түскен. Қазір осы оқиға бойынша тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338202-shatyrdan-kylagan-myz-sebidi-basyp-kaldy-video.html