RU

Қызылордада "порнокастингке" байланысты тексеру басталды

Қызылордада әлеуметтік желіде пайда болған қалада порнокастинг жарияланғаны туралы хабарламаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жанындағы Жастарды қолдау орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов мәселенің тексеріліп жатқанын айтты.

Әкімдік қызметкерлері полицейлермен бірге оқиғаға қатысты тергеу жүргізген. Олар хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірінің иесін анықтады.

Жігіт 2012 жылы құрбысына ұялы телефон мен SIM-карта сатып алғанын айтты. 2014 жылдың мамыр айында телефонды жоғалтып алады. Бірнеше айдан соң бұл нөмір порнокастинг туралы хабарламада пайда болған.

Тұсмағамбетовтың айтуынша, жігіт әлдекімдер оның атынан "қазақстандық порнофильмге актрисалар іріктейміз" деп, қыздармен сөйлескеніне күмән келтірмейді.

Полицейлер ешқандай іс қозғамаған, бірақ әлеуметтік желіде хабарландыру орналастырған адамдар іздестіріліп жатыр. Орталық директоры мұны қарапайым бұзақылық деп есептейді.

Ол Қызылордада порнокастинг жүргізілуі мүмкін екенін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, мұндай хабарландыру "Вконтакте" желісінде пайда болған еді. Хабарландыруға қарағанда, оған 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздар іріктеледі

Олар қыздарға төсекте өзін жақсы көрсете білуі керек, тәні сұлу болуы қажет деген талап қойған.

Олардың мәліметінше, бір эпизодқа түскен қызға 90 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. Айта кетейік, атышулы хабарландыру көп ұзамай өшірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338375-kyzylordada-pornokastingke-bajlanysty-tekseru-bastaldy.html