RU

Алматыда құралайды көзге атқан мергендер бақ сынады (фото)

Биыл тұңғыш рет Алматыда дәстүрлі садақ атудан "Алтын мерген" халықаралық фестиваль ұйымдастырылды. Сұр мергендердің сайысын NUR.KZ тілшісі көріп тамашалап қайтқан еді.

"Мұндай шара елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырғандықтан болар, оған қатысушылар саны аса көп болған жоқ. Бәсекеге 13 мерген қатысты. Олардың ішінде 7 садақшы қазақстандықтар болса, қалған  6 садақшы Қырғызстаннан келді. Олар 30-метрлік қашықтықтан жебені нысанаға дәл тигізу бойынша бақтарын сынады", - дейді  "Көшпенділер атамұрасы" халықаралық қоғамдық қорының президенті Батыржан Сейдомар.

Жарыста бірінші орынды қазақстандық мерген Рафаэль Төлеген жеңіп алды. Екінші және үшінші орынды қырғызстандық садақшылар Рүстем Ноғайбаев және Еділбек Сағынбаев иеленді. Жеңімпаздар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, бұл фестивальге Түркия елінің мергендері де шақыртылған болатын. Алайда олар белгісіз себептермен Қазақстанға келмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338406-almatyda-kyralajdy-kozge-atkan-mergender-bak-synady-foto.html