RU

Америкалықтар Қазақстанда сериал түсірді

2014 жылдың 12 желтоқсанында "Марко Поло" телехикаясының премьерасы болады деп күтілуде. 10 сериялық  көркем туынды Қазақстанда түсірілген, деп жазады Forbes.kz. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

"Марко Поло" картинасын ағайынды продюсерлер Харви және Боб Вайнштейндер - Miramax және Weinstein company студияларын қалаушылар түсірді. Киноны түсіруге америкалық Netflix компаниясы тапсырыс берген.

Драмада Қытай аумағында тұрған 13 ғасырдың венециялық саяхатшы және жазушы Марко Полоның өмірі жайлы баяндалады.

Қазақстан тарапынан фильмді түсіруге желілік продюсер Ахат Ибраев пен оның Adigul family films студиясы үлесін қосты.

Айта кету керек, америкалықтар Ахатқа серіктес болу ұсынысын өздері жасаған.

"Марко Поло 17 жыл Құбылай хан хандығында өмір сүрген. Осы уақытта жайлауда тұратын моңғолдар, түркі тілді тайпалар туралы жазған.

Оқиға Орталық Азияда өрбиді. Сондықтан Қазақстанда түсіру шешімдері орынды", - деді Ахат Ибраев.

Қазақстан тарапынан "Марко Полоны" түсіруге 400 адам қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338418-amerikalyktar-kazakstanda-serial-tysirdi.html