RU

"Apple" компаниясының басшысы гей екенін мойындады

Әйгілі "Apple" компаниясының басшысы өзі жайлы осындай тосын сырын ақтарып, ағынан жарылды. Кук мырзаның көңілі көптен бері тек жігіттерде екен.

Әрі мұнысын ұят санап отырған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

"Мен гей екенімді енді жасырғым келмейді. Десе де ұзақ жыл бойы бұны құпия сақтап келгенім рас. Шындықты тек ет жақындарым, достарым және "Apple"-дағы әріптестерім ғана білді. Мен бұл әрекетімді ар санамаймын. Қайта мұны Құдайдың маған берген сыйы деп қабылдаймын", - деді ол.

Осылай деп Тим Кук америкалық "Bloomberg Businessweek" журналына сұхбат беріпті. Әңгіменің ашық болғаны сонша, "Apple" басшысы: "Гей болуды мақтаныш санау керек" дегенді де айтып салыпты.

Бірақ Кук мырзаның мұнысын қатты сынға алып жатқандар көп. Әсіресе, компанияның өнімін тұрақты тұтынып келгендер қатты қапалы.

Араларында енді "Айфонға" "Гейфон" деп келемеждеп, смартфоннан бас тартып жатқандары да бар. Оның үсіне, осыдан бір ай бұрын ғана тұсауы кесілген "Айфон-6" да сәтсіздікке ұшырап отыр. Стив Джобстың шәкірттері шығарған соңғы гаджет тым сапасыз көрінеді. Ғаламторға оған дәлел болар бейнетаспалар қаптап жүр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338542-apple-kompaniyasynyn-basshysy-gej-ekenin-mojyndady.html