RU

Қазақстанда шекара қызметінің жаңа директоры тағайындалды

Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл лауазымға дейін Дархан Ділманов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық, кадрлармен жұмыс бас басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған еді.

Еске сала кетсек, 2014 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов ұсталған болатын.

Еліміздің бас шекарашысына жемқорлық бабы бойынша айып тағылды. Дегенмен Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенді қызметкерінің ақшаны кімнен және не үшін алғанын ашып айтпай отыр.

Бірақ кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, жақында Шекара қызметіне қарасты Алматыдағы қойманың бастығы ұсталыпты.

Нұрлан Жоламанов 27 желтоқсанға дейін қамауда болады.

Тағылған айыптарға сәйкес, Жоламанов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338545-kazakstanda-shekara-kyzmetinin-zhana-direktory-tagajyndaldy.html