RU

Шымкентте жарысқан автобус жүргізушісі аялдамада тұрған қызды мерт қылды

Шымкентте автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиға күндізгі сағат 12-лер шамасында Шымкенттегі "Жоғарғы Отырар" аялдамасында орын алды.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, №84 маршруттық бағыттағы жолаушылар автобусы аялдамада тұрған. Осы кезде оған №19 маршрут келіп соғылады. Оған келіп №93 автобус соқтығысқан.

Қатты соққыдан бірінші - № 84 автобус 15 метрге ұшып кетіп, ағашқа соғылады. Ал №19 автобус екі метрдей жерге жылжып кетіп, аялдамада тұрған адамдарды басып қалған.

Нәтижесінде, автобус дөңгелегінің астында жаншылып қалған бір қыз көз жұмды. Екінші қыз ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

"Жүргізушілер жол үстінде жарысты, - дейді қапалы куәгер. - Бәрінен бұрын, менің ашуымды шақырғаны, №93 маршруттың жүргізушісі істеген ісін көре тұра оқиға орнынан тайып тұрды. Жапа шеккен басқа да жүргізушілер көмекке ұмтылып, автобусты кері алып тастады. Бірақ, бұл кезде қыз бала қайтып кеткен еді".

Апаттың нақты неден болғандығын жол-патрульдік полициясы тергеушілері анықтау үстінде. Соғылған автобустарды айыптұрағына алып кетті. Полиция ЖКО туралы еш ақпарат берген жоқ. тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338607-shymkentte-zharyskan-avtobus-zhyrgizushisi-ayaldamada-tyrgan-kyzdy-mert-kyldy.html