RU

Ас тұзының адам денсаулығына қауіпті екені анықталды

Қазір кейбір адамдар салауатты өмір сүру үшін темекіден, спиртті ішімдіктерден, газды сусындардан, қуырылған еттен бас тартуда.

 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде кең етек алып бара жатқан жұқпалы емес аурулардың темекіден кейінгі себепшісі әрі ең қауіптісі – тұз деп мәлімдеуде.

5 мың жыл бұрын күніне жарты грамм тұзбен өмір сүруге үйренген адамның тұзды қолдануы соңғы дәуірлерде бірден артты. Қазір тұздың тәуліктік тұтынылуы орта есеппен 8 граммға көтерілді.

Оның басты себептерінің бірі – дайын тамақтардың пайда болуы. Жапонияда 50 жыл бұрын қолданылатын тұз мөлшері күніне 18 грамм болған. Сол себепті сал (паралич) ауруына шалдыққандардың саны өте көп болды.

Кейін үкімет тұздың тұтынылуын азайтқаннан кейін оның тәуліктік мөлшері 4 грамға түсті. Ал сал ауруымен ауыратындар 80%-ға азайған. Тұз қолданылымы 2 грамм азайтылғанда, 4 жылда жүрек ауруымен ауру қаупі 25%-ға азайған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338712-as-tyzynyn-adam-densaulygyna-kauipti-ekeni-anyktaldy.html