RU

Танымал төреші Головкиннің ағайынды Кличколардан озатынын айтты

Кәсіпқой бокстағы әлемге танымал рефери Джо Кортес қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин жайлы өз ойын білдірді.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Төрешінің айтуынша Геннадий Головкин өте мықты боксшы. Ол жарқырап келе жатқан жұлдыз. Оның таланты бар, ауыр соққысы да бар, рингте жақсы қозғалады.

"Мен оның Мигель Коттомен, Сауль Альвареспен жұдырықтасқанын көргім келеді. Мойындау керек, Головкин әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі болғанымен, оның АҚШ-та танымалдылығы әлі де төмен. Оған қарап мен ағайынды Кличколарды есіме түсіремін. Владимир мен Виталиді де алғашында ешкім танымайтын. Дегенмен, Головкиннің қарқыны мықты, Кличколарды әлі басып озады. Ол рингте жай ғана жеңіп қоймай, көрерменге ләззат сыйлайтын боксшы. Алдағы уақытта Головкиннің есімі бокс әлемінде алтын әріптермен жазылатынына сенемін"- дейді Джо Кортес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/338737-tanymal-toreshi-golovkinnin-agajyndy-klichkolardan-ozatynyn-ajtty.html