Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесіне қарындаш кірген баланың беті бері қарады

Опубликовано:

Қарағанды облысында тайып құлаған 10 жастағы баланың арқасына қарындаш кіріп кеткенін хабарлағанбыз.  Қарындаш ортасынан опырылып түсіп, бір бөлігі кеуде тұсындғы ішкі ағзалармен араласқан.

Аудан орталығынан облыстық ауруханаға жеткізілген баланың жүрегі мен өкпе тұсында тұрған қарындашты хирургтар шығарып алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өткір қатты зат жүректің тұсынан 2 см аралықта өтіп тоқтапты. Дәрігерлер бұрын-соңды тіркелмеген жағдайды көріп жағаларын ұстап отыр.

Кішкентай Денис осыдан 5 күн бұрын мектептен қайтып келе жатқанда мұзға тайып құлаған. Ауырсынған арқасын уқалаған да жүре берген. Біраздан кейін хәлі нашарлап, тынысым тарыла бастады дейді. Кейін күртешесінің тесілгенін және қарындаштың сынған бөлігін тауып алыпты.

"Сөмкем, күртешем және іш киімім тесілген. Сосын арқам да тесік. Мен қарындаштың жартысы ішке кіріп кеткенін сонда ғана сездім. Өткені бірдеңе тіреп тұрғандай болды", - дейді Денис.

Ата-анасы жергілікті дәрігердің қарауына апарғанда, ол жеткіншекті бірден облыс орталығына жөнелтіпті. Дәрігерлер баланы періштесі қаққаны сөзсіз деп отыр. Өйткені ұқсас жағдайларда денеге кірген қатты заттың бір де бір мүшені зақымдамауы мүмкін емес екен.

Алайда ота жасау оңайға түспеген. Алғашында арқаны тіліп, қарындаштан көк түске боялған ішкі мүшелердің арасындағы зат сырғып ұстатпаған.

"Құдай сақтады"деп айтса болады. Өйткені балаға мұндай кіріп кету деген мүмкін емес жағдай.. Кеуде қуысына кіргенімен ешқандай органды зақымдамаған. Бірақ бағыты дұрыс болмаса зақымдауы мүмкін еді", - дейді хирург Бейбіт Бердібеков.

Қарағандылық хирургтер ұзындығы 10 сантиметр болатын қарандашты бұрын-соңды ішкі ағзадан шығарып алу деген болмағанын мойындайды.

Бірақ осыған ұқсас жағдайда тер төгуге тура келген. 2006 жылы 1 жастағы нәрестенің кеуде тұсынан кіріп кеткен инені ақ халаттылар жүрекке жетуге сәл қалғанда алып үлгерген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/339068-keudesine-karyndash-kirgen-balanyn-beti-beri-karady/

pixel