Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сенімді 10 автокөліктің тізімі шықты

Опубликовано:

Америкалық "Consumer Reports" компаниясы әлемдегі ең сенімді 10 автокөліктің тізімін жариялады. Талдаушылар сенімді темір тұлпарлардың тізімін көлік жүргізушілерден алынған сауалнаманың нәтижесіне сүйене отырып жасаған.

Бұл туралы BNews.lite хабарлайды.

Аталған сауалнамаға 1,1 миллион көлік жүргізушісі қатысқан. Бұл бәйгеде жапондық автокөліктер алдыңғы қатардан көрінді.

Ең көп дауыспен "Lexus" автокөлігі 1-орынды жеңіп алды. Қазіргі таңда ерекше сұранысқа ие "Toyota" автокөліктері екінші орынға табан тіресе, "Mazda" автокөліктері үшінші орынды місе тұтты.

Сонымен қатар, "Audi", "Honda", "Kia", "Subaru", "Porsche", "Scion", "Buick" көліктері алғашқы ондықтың қатарынан табылды. Және де осы жылдың көктемінде "Dekra" компаниясы Германиядағы ең сенімді автокөліктердің тізімін шығарды.

Бірнеше жылға созылған зерттеу барысында, мамандар 15 000 000 көлікті техникалық байқаудан өткізген. Тексерушілер Германияда ғана сатылатын 1000-нан астам автокөлікке баға берген. Нәтижесінде, тексеруден өткен барлық көліктің өзіндік кемшіліктері болған.

Тозған резеңкелері, зақымданған әйнектері мен терезе тазалағыштарының ескілігі есепке алынбаған. Басты назар құрылымдық ерекшелігіне аударылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/339325-elemdegi-en-senimdi-10-avtokoliktin-tizimi-shykty/

pixel