RU

Әнші Мейрамбек Беспаев 38 жасқа толды

7 қараша - белгілі әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаевтың туған күні. Әнді жан-дүниесімен сезініп, жүрегімен орындайтын ғажап әнші бүгін 38 жасқа толды.

Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев ең алғаш сахнаға өзінің өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың "Сағындым Кенен атамды" әнімен шыққан болатын. Әнші сол кезден бастап-ақ, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген.

Мейрамбек өзінің өнер үшін туған дарын екенін талайларға мойындатқан. Өз орындауындағы сезімге толы әндерімен, ғибратты термелерімен тыңдаушысын ләззатқа бөлеп жүрген әнші бүгін 38 жасқа толды.

Осыған байланысты Мейрамбектің өмірдегі және өнердегі достары оны айтулы күнмен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/339456-enshi-mejrambek-bespaev-38-zhaska-toldy.html