RU

Немере інісін 4 жыл бойы зорлаған педофил 17 жылға сотталды

Ақтөбеде өзінің немере інісін зорлап келген 48 жастағы педофил Асылбек Қалиев 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Естеріңізде болса, Шалқар қаласының тұрғыны өзінің 13 жастағы немере інісін 4 жыл бойы зорлап келгенін хабарлаған едік.

Баланы интернеттен агент ашып беремін деп алдап шақырған ер адамның ісін әбден зәрезап болған бала полицияға жайып салды.

Осыдан соң, құқық қорғаушылар күдіктіні ұстап, темір торға тоғытқан болатын.

Асылбек Қалиев үкімді өте сабырлы қалыппен тыңдады. Алайда, қатты шошынған баланың ата-анасына кәсіби психологтар көмектесуге мәжбүр болды. Қалиев 17 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізеді.

Одан бөлек, Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауылында аялдамада автобус күтіп тұрған 14 жастағы оқушы қыздап зорлап, өлтіріп кеткен қылмыскер 22 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/339487-nemere-inisin-4-zhyl-bojy-zorlagan-pedofil-17-zhylga-sottaldy.html