RU

Тараз әкімдігінің алдында әлі күнге дейін орақ пен балға ілулі тұр

Тараз қаласы әкімдігі мен мәдениет үйінің маңдайында Кеңес Одағының елтаңбасы орақ пен балға әлі тұр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Фирдоусидің сөзін бірақ күнде өзгерткен әкімдік орақ-балғаны алуға еш асықпайды. Одақтың таңбасы ілінген бұл ғимарат бүгінде Тараз қаласының әкімшілігі.

Мұндай белгі қалалық мәдениет үйінің маңдайшасында да сақталған. Қос нысан да кеңес заманының кезінде салынғандықтан орақ пен балға таңбасы төбесіне бейнеленген.

Орақ балға енді бұрынғы заман. Енді егемен алдық енді мына әкімшіліктік алдында өзіміздің елтаңбамыз тұруы тиіс.

Ескі ғимарат тәуелсіздік алғалы бері бірнеше мәрте күрделі жөндеу көріп, бүгінде қаладағы көрікті мекемелердің біріне айналған. Бір қызығы жаңа заманға сай жаңартылып тұрған нысанда осы орақпен балға өзгермейді.

"Орақ балға енді бұрынғы заман. Енді егемен алдық енді мына әкімшіліктік алдында өзіміздің елтаңбамыз тұруы тиіс. Ата заңымыз бойынша да солай",- дейді қала тұрғыны Елдес Омаров. 

Келмеске кеткен кеңес заманының сарқыншақтарын қазір мемлекеттің өзі қызғыштай қориды. Оларды алып тастауға жоғарғы жақтан пәрмен болмаса жергілікті билікте дәрмен жоқ.

"Әкімшілік  ғимараты үстіндегі орақ пен балға сол кездердегі біздің тарихи құндылығымыз болып есептеледі. Соларға біз тиіспеуіміз керек. Оны тек қана рұқсатпен ғана мемлекетіміздің осы ескерткіштерді қорғау мекемелерінің рұқсатымен ғана аламыз. Оған біз ешқандай құқығымыз жоқ", - дейді  Тараз қаласы әкімдігі сәулет және қала құрылыс бөлімінің бастығы Ілияс Бекежанов.

Кеңес одағының көсемдеріне қойылған ескерткіштер мен сол кездегі мемлекеттік нақыштар қазір еліміздің әр қаласында жетерлік.

Орақ пен балға сол кездердегі біздің тарихи құндылығымыз болып есептеледі. Соларға біз тиіспеуіміз керек.

Мәселен, Қарағандыдағы  оқу ордасы мен Жаңа Майқұдық мәдениет сарайының қақ басында осы орақ пен балға бейнеленген болса, Семейде Кеңес одағының басшылары сомдалған ескерткіштер бір саябақта топтастырылған.

"Тарихты жоққа шығаруға болмаса да, бүгінгі күнде бұл нышандардың берері аз дейді тұрғындар. Бодан ел болғанымызды айқындайтын бұл белгілерді сақтау тарих үшін маңызды. Бірақ тоталитарлық жүйенің табы санада қанша сақталатыны белгісіз", - деп хабарлайды арна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/339564-taraz-ekimdiginin-aldynda-eli-kynge-dejin-orak-pen-balga-iluli-tyr.html