RU

Бүгін еліміздің басым аумағында күн суытады

Батыс Сібірден соққан суық арктикалық фронттың салдарынан еліміздің басым аумағында ауа температурасы төмендейді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап baq.kz хабарлайды.

Кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, республика аумағына Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан суық антициклон келіп, температура 2-7 градусқа дейін төмендейді.

Түнде кей өңірлерде термометр бағаны 10-15 градус суықтықты көрсетуі ықтимал. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтардағы күн райы солтүстік облыстардан айырмашылықсыз болады.

Яғни, алдағы үш күнде мұнда да күн суытып, жауын-шашын түседі деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/339719-bygin-elimizdin-basym-aumagynda-kyn-suytady.html