Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаева "Лашын" тобының әнші қыздарын таныстырды

Опубликовано:

Белгілі продюсер Баян Есентаева құраған "Лашын" атты жаңа топтағы қыздардың есімдері белгілі болды. Жас әншілер туралы ақпаратпен қазақстандық продюсер әлеуметтік желідегі Инстаграм парақшасы арқылы бөлісті.

Бұл туралы Bnews.lite хабарлайды.

"Лашын" атты жаңа топ Сара Аменгелді, Ақбота Айтқұлова және Элизат Берікова сынды талантты қыздардан құралған.

Сара Амангелді – "Лашын" тобының ең жас әншісі. Баян Есентаеваның айтуынша, 18 жастағы бойжеткеннің вокалдық қабілеті жоғары, мінезіне көркі сай, харизмалық әнші. Сараның тіпті, рэп оқитын өнері де бар екен.

Топтың тағы бір мүшесі – Ақбота Айтқұлова. Жасы 19-да. Еуразия ұлттық университетінің студенті.

"Лашын" тобының үшінші солисті – Элизат Берікова. 20 жастағы әнші Чайковский атындағы музыкалық училищесінде білім алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/339750-bayan-esentaeva-lashyn-tobynyn-enshi-kyzdaryn-tanystyrdy/

pixel