Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңақорған дәрігерлері тірі адамның қайтыс болғаны туралы хабар берген

Опубликовано:

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны Серікхан Жүзеев өзінің "өлілер" қатарына қосылып кеткенін естіп, естен танып қала жаздапты. Ал суыт хабарға, анасының жүрегі шыдамай, қан қысымы көтеріліп, құлап қалған.

Бұл туралы Жетінші арна хабарлайды.

Қалада төртінші курста оқитын жігіттің қайтыс болғандығы туралы хабарды ауылдықтарға аурухана қызметкерлері таратыпты. Енді ақ халаттылар тірі адамның электронды жүйеге "өлді" деп қалай тіркеліп кеткендігін өздері де білмей отыр.

"Шағын ауылда әңгіме өте тез тарайды. Біреулер өлді деп, біреулер мәйітханадан ала алмай жатыр деп айтуда", -дейді Серікхан.

Өмірінде бірінші рет мұндай жағдайға тап болған Серікхан сол күнгі әсерінен әлі арыла алмай жүр. Құрдастары "бір жылда екі туған күніңді тойлайтын болдық" деп әзілдейтін көрінеді. Бірақ "бұл жағдай анамның денсаулығына қатты әсер етті", -дейді ол.

Қаралы хабарды ести сала ауылдастыры Серікханның үйіне көңіл айтуға ағылыпты.

"Мені қайтыс болды деп ауылға хабар берген. Ауылдағы ағайын-туыс пен халық шулап жатыр.Әсіресе, мұны естіген анамның денсаулығы нашарлап кетті.  Мұны жауап беретін адамдар табылу керек қой. Базадан қате кетті, компьютерден қате кетті дегенімен Қазақстандағы денсаулық саласының ақпараттық жағдайы төмен дәрежеде емес қой", - дейді Серікхан Жүзеев.

Серікханның айтуынша, анасына өзінің өлгенін ақ халаттылар естірткен. Дәрігерлер енді бұл мәселеден бастарын ала қашуда. Күнделікті бақылап отырған электронды жүйеге мұндай ақпаратты кімнің енгізгенін дәрігерлер түсіне алмай дал.

"Бұл қателік мүмкін бізден де кетпеуі мүмкін. Бізге  енді оператор айтып тұр ғой. Облыста РЕАЦ деген мекеме бар. Сол тікелей Астанаға хат жазыпты қателігін шешіп беріңіздер деп. Соның жауабын күтеміз", - дейді  Жаңақорған аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Байғожина.

Базадан қате кетті, компьютерден қате кетті дегенімен Қазақстандағы денсаулық саласының ақпараттық жағдайы төмен дәрежеде емес қой.

Медициналық мекеме қызметкерлері қайтыс болғандар туралы арнайы құжат толтырып, жүйені жаңартып отыратындықтарын растағанымен, қателікті мойындағылары жоқ. Ал Серікханды қазір таныстарының "өмір жасың ұзақ болады" деген сөздері ғана жұбатады.

Бірақ өзін өлгендер қатарына енгізіп қана қоймай, анасының да өміріне қауіп төндірген ақ халаттылардың жазасын алғанын қалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/339897-zhanakorgan-derigerleri-tiri-adamnyn-kajtys-bolgany-turaly-habar-bergen/

pixel