RU

Ғалымдар жүзімнің сүйек пен буын үшін пайдалы екенін анықтады

АҚШ ғалымдары жүзімнің осы уақытқа дейін белгісіз болып келген тағы бір қасиетін анықтады. Арнайы сынақ жүргізген мамандар артық салмағы бар орта жастағы ерлер мен әйелдерге жүзімнің қабықшасынан бөлінген зат пайдалы болып, сондай-ақ остеопороз қаупін төмендетуге оң әсер ететінін анықтаған.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Жүзімнің қабықшасы мен дәнінен алынатын ресвератролды қабылдаған бақылаудағы адамдарда 16 аптадан кейін сүйек және шеміршек талшықтарының одан да жедел өсуі мен жаңаруы білінген.

Алайда, мұндай нәтижеге жету үшін ресвератролды тұтыну мөлшері көп болуы керек.

Бұл ретте, ғалымдар қызыл шараптың ресвератролдың "көзі" емес екенін, сүйек пен буындар үшін одан да жүзім сығындысы мен оның қантсыз шырыны пайдалы екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/340108-galymdar-zhyzimnin-syjek-pen-buyn-yshin-pajdaly-ekenin-anyktady.html