RU

Америкалық актриса қырғыздың "Құрманжан датқа" фильміне тамсанғанын айтты

Қырғыз халқының Ресей отаршылдарына қарсы күресін басқарған Құрманжан датқа туралы фильм биыл түсірілген болатын. Қырғыздар фильмді "Оскар" сыйлығынан үміткер ретінде ұсынды.

Фото:azattyq.org

Ал америкалық актриса Шэрон Стоун MaximoTV арнасына берген сұхбатында фильмге жоғары баға беріпті деп жазады Жебе газеті.

"Бұл фильмнің "Оскарды"  иеленуге үлкен мүмкіндігі бар. Ол өте әдемі. Бұл терең мағынасы бар тарихи фильм. Бұл өте тамаша жасалған туынды. Керемет!  Маған осы фильмге шақырту жібергенде,  "Субтитрлі 3 сағаттық фильм жөнінде не ойламақпын?" деген ой келген.  Бірақ, фильм мені баурап алды, фильмнің әрбір минуты өзіне тартады. Мен оның әсемідігіне тамсандым", - дейді Голливуд жұлдызы.

Шэрон Стоун мұндағы көріністер, костюмдер, мазмұны, қысқасы бәрі тамаша болғанын айтады,

"Мен бұл фильмді көруге кеңес берер едім. Бұл шабыттандыратын фильм. Бұл фильм көз тартады, костюмдерінің түстері, қоршаған орта, бәрі керемет. Мен бұл фильмді ең жақын досыммен бірге отырып тамашаладым. Достарымның бірі  ол жарнама агенттігінің иесі еді.  Ол фильм көріп отырған сәтте "О тоба, бұл фильм маған қаншама идея берді?!" деп тамсанды...", - дейді америкалық актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/340179-amerikalyk-aktrisa-kyrgyzdyn-kyrmanzhan-datka-filmine-tamsanganyn-ajtty.html