Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында биттің қабығындай жұқа асфальт төселді

Опубликовано:

Қызылорда облысы Белкөл кентінде ел тәуелсіздік алғалы бері енді жөндеу көріп отырған асфальт төсеніштері, биттің қабығындай жұқа, тиісті технологиялар мүлдем сақталмаған.

Жолға бөлінген қыруар ақшаны бір жыл бойы елге қимай келе жатқан жергілікті билік, қаржы игерілмей қалмас үшін, қыс түскенде сапасын емес, санын көрсету жан таласып жатыр дейді.Биыл жергілікті бюджеттен ауылдағы бірнеше үйдің ауласына асфальт төсеу үшін 6  миллион теңгеге жуық қаражат қаралған. "СанТехСервис" серіктестігі мердігер болып, құрылыс жұмыстарына кіріскен кезде халықтың қуанышында шек болмаған еді.

Жиырма жылдан бері жолы жөнделетінін көрген белкөлдіктер мерзімінен бұрын қуанғандарын енді ұқты. Мамандықтары құрылысшы болмаса да олар технологиялардың сақталмағандығы көзге ұрып тұрғанын айтады. Асфальттың астына битум төсенішін төсемей, топырақтың үстіне салып жатыр. Арнайы сұйықтық құйылмағаны аздай, бұрынғы қалдықтарды да тазаламай жұмыстар жүргізілуде дейді тұрғындар."Мына қараңыздар. Асфальт дейді. Асфальтты қыста сала ма? Асфальтты жылы уақытта, 16-15 градус жылылықта салады. Мұның бәрі көзбояушылық па деймін", - дейді тұрғын Бәкір Сәтен.

Бүгінде  жұмыс аяқталмай-ақ асфальта аударылып жатыр. Ойдым-ойдым жерлер соның бір дәлелі.

Ашынған халық мәселені тікесінен қойып, әкімнің алдына барды. Сапасыз жол құрылысына көңілі толмағандар  мердігер мекемемен келісім шартты тоқтатуды талап етті.

Тіпті өздерімен бірге сапасыз асфальт төсенішін әкеп те көрсетті. Кент әкімі болса, қаражаттың аздығынан сметалық жоба бойынша 3 сантиметр қалыңдыққа ғана келісілгенін айтады. Халық наразы болса, құрылыс жұмыстарын доғаруға да дайын. Бірақ бюджет қаражаты игерілмей қалады дейді ол.Белкөл кентінің әкімі Ақылбек Арыстанов: "Тұрғындардың көтеріп отырған мәселелері орынды. Біз қолдаймыз. Сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Қаржы бізге бөлінді Белкөл әкімдігіне. Біз сапасына, басқасын, барлық тірлігіне, технологиясымен жұмыс жүргізілуін біз қадағалайтын боламыз", - дейді.

 Ауыл белсенділері мәселені бұлай қалдырмаймыз. Билік үшін бәрібір болғанымен, біз бұған немқұрайлы қарай алмаймыз дейді. Сол үшін белкөлдіктер арнайы комиссия да құрып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/340358-kyzylorda-oblysynda-bittin-kabygyndaj-zhyka-asfalt-toseldi/

pixel