RU

Әзербайжан мен Армения арасында соғыстың тұтану қаупі күшейді

Өтіп бара жатқан апта ішінде Әзербайжан мен Арменияның Таулы Қарабақ аймағындағы жанжалы бүкіл әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартты.

Есте болса, сәрсенбі, 12 қараша күні әзербайжандық қарулы күштер тараптардың түйісу нүктесінде Арменияның МИ-24 тікұшағын атып түсірген болатын. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстарды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген 20 жылдың ішіндегі ең сорақы оқиға ретінде бағалануда.

Естеріңізге сала кетсек, сәрсенбі күні Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі ел армиясының Армения қарулы күштеріне тиесілі МИ-24 тік ұшағын "Әзербайжан аумағына әуеден шабуыл жасамақ" сәтінде атып түсіргенін хабарлаған-ды.Министрліктің хабарламасына қарағанда, 12 қараша күні Армения әскери әуе күштеріне тиесілі екі МИ-24 тікұшағы Агдам ауданындағы қорғаныстың алғы шептеріне шабуыл жасаған. Қарымта қарулы соққы кезінде бір тікұшақ атып түсіріліп, екіншісі кейін оралуға мәжбүр болған. Әзербайжандық тараптың мәліметтеріне сәйкес, тікұшақтың барлық үш экипажы қаза тапқан.

Осы оқиғадан кейін Әзербайжан Таулы Қарабақ үстіндегі әуе кеңістігіндегі ұшуларға шектеу қойды. Ал өз кезегінде Армения билігі мен танылмаған Таулы Қарабақ Республикасының (ТҚР) басшылығы МИ-24 тікұшағының ТҚР қарулы күштеріне тиесілі болғандығын әрі оның оқу-жаттығу ұшуларын жүзеге асырғандығын айтуда.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әскери тікұшақтың атып түсірілуіне байланысты барынша алаңдаушылық танытып, тараптарды оқиғаны одан әрі ушықтырмауға шақырды.БҰҰ басшысы барлық тарапты бітімгершілік туралы келісімде орындауға үндеуде. Пан Ги Мун оларға орын алған ахуалды одан ары ушықтырмау үшін кез келген қарымта қадамнан бас тартуды кеңес етуде. Сонымен қатар ол тараптарға Таулы Қарабақ жанжалын бейбіт жолмен реттеуге көмек беретін ЕҚЫҰ-ның Минск тобына және оның үш теңтөрағасына толық қолдау білдіретіндігін аса айтты.

Көптеген халықаралық сарапшылар әскери тікұшаққа қатысты бұл оқиғаны бір тараптың өз күшін паш ету ретінде бағалауда. Олардың пайымынша, әзербайжандық тарап "тұрақсыз бейбітшілікті" қолдауда негіз болуы мүмкін. Дегенмен, ресми Баку елдің халықаралық қоғамдастық таныған территорияның бір бөілігі Армения бақылауында тұрғандығын әлем жұртшылығының есіне салуда.

Көптеген халықаралық сарапшылар әскери тікұшаққа қатысты бұл оқиғаны бір тараптың өз күшін паш ету ретінде бағалауда. Олардың пайымынша, әзербайжандық тарап "тұрақсыз бейбітшілікті" қолдауда негіз болуы мүмкін.

Армения тарапы да екі ел арасындағы шиеленісті ушықтырған сәттерді қалт жібермеуге тырысуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 31 шілдесінде армияндық әскери күштер үш тараптан әзербайжандық позицияға шабуылдап, қарсы мемлекеттің әскери қызметшілерінің өліміне себепкер болған еді. Сондықтан да сарапшылар тікұшақтың атып түсірілуін армениялық қарулы күштердің жаздағы шабуылына қарымта ретінде бағалауда.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары Баку мұнайдан түскен миллиондаған долларды жаңа ауыр әскери қару-жарақтарды сатып алуға жұмсап, әскери қуатын арттыруға жанталасуда. Мұндай қадамға Ереванның да барып отырғаны белгілі.Зорлық-зомбылықтың жаңа нүктесінің туындау қаупі тараптардың жаңа соғыс отын тұтандыруға бір табан жақын екендігін білдірсе керек. Дегенмен, олардың өз мүдделерін дұрыс қорғай алуы әрі әлемдік қоғамдастықтың қатаң назары себепті ғана соғыс отының өршуіне жол берілмей отыр. Бірақ жағдайдың кез келген уақытта ушығып, соғыс отының тұтануы қаупі басым екендігі де жасырын емес. Өйткені Ереван ұшағының атып түсірілуіне байланысты қарымта жауап қайтаратындығын қазірдің өзінде мәлімдеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/340656-ezerbajzhan-men-armeniya-arasynda-sogystyn-tytanu-kaupi-kyshejdi.html