RU

Круиздік лайнерде 172 адам көлденеңнен тап болған ауруға ұшырады

Тынық мұхитта сапарда жүрген американдық Crown Princess круиз лайнерінде 170-тен астам адам норовирус (асқазан тұмауы) сырқатына тап болды.

Бұл туралы АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды бақылау және алдын алу орталығының есебінде айтылған, деп хабарлады Лента.ру.

Бортында 3009 жолаушысы мен 1160 экипаж мүшесі бар лайнер Лос-Анджелестен Гаитиге 28 күндік круиздік сапарға шыққан. Қазіргі кезде бұл ауруды 158 жолаушы және 14 экипаж мүшесі жұқтырған. Қазір Crown Princess Лос-Анджелеске жақындап келеді.

Дүйсенбі күні Сан-Педро қалалық портына келгеннен кейін лайнер бортына CDC қызметкерлері көтеріліп, жағдайды өз көздерімен көреді. Кеменің иегер-компаниясы Carnival plc бөлмелерді санитарлық тазалау шараларын қолға алды.

Компания лайнердің 29 қарашада басталатын келесі круиздік сапарына дейін кең ауқымды тазалық шараларын жүргізбек. Асқазан тұмауы ретінде белгілі норовирус індеті - жұқпалы аурулардың бірі. Бұл індет көбіне жолаушылар кемелерінде пайда болады және адамнан адамға тез таралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/340770-kruizdik-lajnerde-172-adam-koldenennen-tap-bolgan-auruga-yshyrady.html