RU

Сауд Арабия тұрғыны WhatsApp-та жауап жазбағаны үшін әйелімен ажырасты

Ұялы телефондағы WhatsApp мессенджері ерлі-зайыптылардың ажырасуына себепкер болды. Сауд Арабиясында әйеліне жазған хатына жауап ала алмаған ер азамат онымен әрі қарай бірге тұрмайтындығын мәлімдеп отыр.

 

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

30 жастағы ер азаматтың айтуынша, әйелі таң атқаннан кеш батқанға дейін ұялы телефонынан бас ала алмайтын дәрежеге жеткен.

Достарымен және туыстарымен хат алмасып, балаларына қарауға уақыт бөлмейтін көрінеді. Салдарынан сәбиіміз дұрыс тәрбие көрмеді дейді әйеліне шағым айтқан араб азаматы.

Соңғы жазған хатына жауап ала алмаған ол ақыры ажырасып тынды. Айтуынша, бұл сәтте әйелі құрбыларымен интернет арқылы сөйлесіп отырып, күйеуіне назар аудармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/340977-saud-arabiya-tyrgyny-whatsapp-ta-zhauap-zhazbagany-yshin-ejelimen-azhyrasty.html