Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақсыбеков Астананы "ақылды" қалалар санатында көшбасшы етуді көздейді

Опубликовано:

Ғаламдағы қалалардың "ақылды" "топ-21" рейтингісіне кіретін Астананы бірінші орынға көтеру жоспарлануда деп мәлімдеді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

"Мемлекет басшысы алдымызға әлемдік барлық стандарттарға сай келетін ақылды қала ретінде Астананы салу және жетілдіру міндетін қойды. Маған Торонто рейтингте бірінші екені, ал Астана қазір 21-ші екені мәлім болды. Бұдан шығатын қорытынды,бізде тіпті климаттық жағдай ұқсас болғандықтан, міздің мақсатымыз - Торонтомен бірінші орынды бөлісу. Біз бұны іске асырамыз деп үміттенемін", - деді Әділбек Жақсыбеков "Smart Astana 2014" конференциясында.

Сонымен қатар қала әкімі Астана әлемнің дамыған, зияткер, инновациялық қаласы болатынына сенім білдірді, өйткені бұған барлық ресурстар пайдаланылатын жеткізді.

"Қаланың өмір сүру қызметінің процестері инновациялық, ал заманауи технологиялар бүкіл халыққа қолжетімді болады", - деді ол.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов те қала басшысының сөзін қостады."Жалпы, әлемде қалалардың даму мәселесі қазіргі уақытта басты назарда болып тұр. Таяуда мынадай бір пікірді оқыдым. 19 ғасыр бұл империя ғасыры болды. Ол кезеңде империя бүкіл ғаламшардың даму болашағын айқындады. 20 ғасыр - бұл ұлттық мемлекет ғасыры. Ол уақытта ұлттық мемлекеттің дамуы маңызды еді.  Ал 21 ғасыр - бұл қалалар дәуірі", - деді Үкімет басшысы.Мәсімовтің атап өтуінше, қазіргі уақытта әлем қалалары бір-бірімен тартысқа түсуде. Олар бір-бірімен капитал, халық тартуда бәсекелес болып отыр."Біздің мемлекет басшымыз өте қиын кезеңде оңтүстік қала Алматыдан елорданы еліміздің орталығы Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл қаланың алғашқы мэрі қызметіне Әділбек Жақсыбеков тағайындалған болатын. Таяуда ғана Елбасы оны тағы да осы қаланың әкімі қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады",-  деді Мәсімов.Сонымен қатар ол өз сөзінде қазіргі уақытта Астананың өз дамуындағы келесі маңызды қадамға ілгерілеуіне бірегей мүмкіндігі туып отырғанын баса айтты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/341240-zhaksybekov-astanany-akyldy-kalalar-sanatynda-koshbasshy-etudi-kozdejdi/

pixel